Шымкентте қатты желден бірнеше нысанның шатыры ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қатты желден бірнеше нысанның шатыры ұшты

07.06.2021

Шымкентте тағы да дауыл тұрып, ондаған нысанның шатырын ұшырып әкетті. Бірнеше ауданда жарық өшіп қалды. Қазір бүлінген нысандар жөнделіп жатыр. 

Ғани Қалмахан тілші:
Кеше кешкі сағат 18.30 жамасында басталған дауыл 10 минут бойына тоқтаусыз соқты. Оның жылдамдығы секундына 15-тен басталып, 28 метрге дейін жеткен. Жел топырақты тозаңды аспанға көтеріп, шаһарды ақтүтек шаң басып қалды. Көшедегі ағаштар желдің екпініне шыдамай құлап, көлеңкесінде тұраған 8 автокөлікті басып қалған. Дауыл тұрғын үйлердің сыртқы қапталамаларын да бүлдірді. Бір коммерциялық насанның және 12 тұрғын үйдің шатырын жұлып әкеткен. Оның 8-і көпқабатты баспаналар. Қазіргі есеп бойынша шатрсыз қалған аумақ 600 шаршы метрге жуық.

Дауылдың салдарынан Нұрсат, Достық, екінші Қайтпас, Сәуле шағынаудандары мен Тельман бөлімшесінің 600-ге жуық абоненті жарықсыз қалды. «Оңтүстік жарық Транзит» мекемесі түннен бері жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын істеді. Таңғы сағат 8-ге дейін барлық абоненттер электр жүйесіне қайта қосылды.

Табиғи апаттан көбірек зардап шеккен Еңбекші ауданы. Кеше жел басылғаннан бастап коммуналдық мекемелер бүлінген жерлерді жинастырып, қайта қалпына келтіруде. Бір тәуірі апаттан адамдар дін аман. Жарақат алған да ешкім жоқ.


Хабарламаларға жазылу