Испанияда орман өрті өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда орман өрті өршіп тұр

01.04.2023

Испанияның солтүстігінде орман өрті өршіп барады. Соңғы мәліметке қарағанда, Астуриас аймағында 90-нан астам жалын ошағы анықталған. Тілсіз жауды сөндіруге 600-дей адам мен арнайы техникалар тартылған.

Жергілікті басшылар «Твиттер» арқылы мәлімдеме жасап, жасыл желекті «өрт террористерінің» жаққанын хабарлады. Мұндай қылмыс үшін олардың 20 жылға сотталатынын да ескертті. Бүгінде оннан астам өрт ошағы сөндірілген. Олардың көбісі қатты желден ұшқан шоқтан тұтаныпты. Мұндай оқиғалардың көбеюіне климаттың өзгеруі де себеп болып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу