Ресейде орман өрті өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде орман өрті өршіп тұр

24.05.2023

Ресейде орман өрті өршіп тұр. Бір күнде 100-ден астам өрт сөндірілді. Тілсіз жау 6000-ға жуық гектар жерді шарпыған.

Индира Бегайдар, тілші:

22 өңірде тілсіз жау дес бермей тұр. Оның ішінде Қазақстанмен шекаралас аймақтар да бар. Әсіресе Алтай өңірінде жағдай мүшкіл. Ал Екатеринбург облысында тіпті тұрғындар респираторлық маска тағуға мәжбүр. Орман өрті былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 56 пайызға бірақ өскен.

Биыл жаңбыр аз жауып, құрғақшылық қиындық туғызуда. Оның үстіне азаматтардың салғырттығы да бар. Соңғы күні 800 тұғын үй жанып кеткен. Оттан опат болғандардың саны 20-дан асты. Өрттің салдарынан экономикаға 4 млрд рубль шығын келді. Ел үкіметі өртпен күреске 14 млрд рубль бөлген, алайда мамандардың өртті ауыздықтауға шамасы жетпей жатыр.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу