Австралияда орман өрті өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда орман өрті өршіп тұр

29.01.2019

Австралияның Тасмания штатында орман өрті дес бермей жатыр. Сондықтан, бұл өңірде 10 мәрте төтенше ескерту жасалып, тұрғындарға қауіпсіз жерге көшу қажеттігі айтылды. Олар үшін Хуон жазығында  эвакуция орталығы ашылып, шатырлар қойылған. Бұған қоса, көшіп келген тұрғындардың үй жануарларын бөлек шатырларда ветеринарлар бақылайды. Орталық келесі аптаға дейін немесе жауын жауғанға дейін жұмыс істейді.

Тағы бір айта кететін жайт, өрт сөндіру тікұшағы лапылдаған жалынға су шашу кезінде бөгетке құлап, оның бортында болған екі пилот пен бір инженер жеңіл-желпі жараланды. Бұл оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу