БҚО Теректі ауданында жеті өнерді бойына жиған мемлекеттік қызметкер тұрады
Қайтсем ата дәстүрді сақтап қалам деп еңбектеніп жүрген шебердің бірі Батыс Қазақстанда тұрады. Қайыстан қамшы өріп, арғымақ баптап, тазы жүгіртеді. Жеті өнерді бойына жиған мемлекеттік қызметкер Ұлан Сайтмұхаев Теректі ауданынының тұрғыны. Бір қызығы - дәстүрді дәріптеген шебердің мамандығы – қаржыгер.
Ұлан Сайтмухаев, Теректі ауданының тұрғыны:
Бұл енді музей сияқты дегенде, қазақтың дүниетанымындағы дүниелер ғой. Ертеректе үйдің ішінде тұскиіз де, текемет те, алаша да тұратын. Мынау қасқырдың терісі. Мынау Жетісуда тұрғанда жасаған, өзім ұстаған қамшы. Ал мына қамшы еліктің сирағынан жасалған. Алақанына асық салынған.
Мынау осы Теректіде ауланған ит-құстың бөртесі. Бөрте болса да ірі. Мына бұйымды қылқаққыш деп атаймыз. Немесе қолаң дейді. Бұл - жылқының құйрығынан жасалады. Мынау текенің мүйіздері. Осындай дүниелерді көріп өскеннен кейін ішкі дүниеміздің талабы - ұлттық құндылықтарды жақсы көргее соң, осылай безендірілген бөлме.
Мынау жасап жатқанымыз - алты таспа қамшы. Үш таспаның ортасындағы таспаны басады да, жоғары жақ өзінің жолынан төменге түседі. Мынау, міне, алты таспа осылай болады.
Біз мемлекеттік қызметте көзімді кәсіби алаңда тырнап ашқалы 25 жылға жуық қызмет атқарып келем, соның бәрі мемлекеттік қызметте. Оның 19 жылын осы Теректі ауданында ауасын жұтып, суын ішіп, қызмет етіп жатқан жайымыз бар. Бұл енді менің хоббиім.
Мынау таудың тобылғысы, бұл өңделгені. Өңделмегені мыналар. Бұл тазаланады, жуылады. Өріліп шыққан соң, басы түйіледі.
Мына былғарыдан алақанын пішіп шығарам. Сосын шегеленеді. Бауырланады. Сабын тігем.
Бес тұтам қамшы. - Ассалаумағалейкум. - Уағалейкүмассалам. - Қайда барасың? - Қамшы сапқа барам. - Маған да ала кел. Осылай бесінші тұтаммен қайтарылып жатыр.
Мынау қызымның домбырасы.
Мемлекеттік қызметте болсақ та, шама-шарқымызға қарай айғыр ұстап, арасында мініп, тазы баптап отырмыз. Ит жүгіртеміз. Өзім мінем, арасында қыздарым мінеді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
PGL ASTANA 2026: Әлемнің үздік командалары елордада бас қосты
15.05.2026, 20:24
800 шебер екі шақырымдық құрақ көрпе жайды
15.05.2026, 20:19
Сәуле Досжанның кітабы оқырманға таныстырылды
15.05.2026, 20:16
Қаскелең өзені қоқыстан тазартылды
15.05.2026, 20:13
Конституциялық реформалар жүйелі іске асып жатыр
15.05.2026, 20:09
Көкшетауда «Отбасы аллеясы» ашылды
15.05.2026, 20:08
Астананың сәні мен сәулетін бақылайтын арнайы кеңес құрылуы мүмкін
15.05.2026, 20:08
«Worldskills Astana-2026» чемпионаты басталды
15.05.2026, 20:06