Алматыда көлік салығын төлемегендер саны 105 мыңнан асады. Берешектің жалпы сомасы 1,5 млрд теңге. Қалалық мемлекеттік кірістер департаменті төлем мерзімінің ертең аяқталатынын ескертеді.
Ведомстваның мәліметінше, Алматы қаласы бойынша 440 мың жеке тұлғаның меншігінде 700 мыңнан аса көлік бар. Оларға 2022 жылға 17 млрд теңгеге жуық салық есептелген. Міндетті төлем алдыңғы жылмен салыстырғанда 18%- ке, яғни, 2,2 млрд теңгеге өскен.
Азаматтар берешегін уақытылы төлемеген жағдайда әр күнге өсімпұл есептеледі. Алдымен құзырлы орган тарапынан салық төлеушілерге хабарлама жіберіледі. Көлік иелері іспен танысқан соң 35 күн ішінде қарызын төлеуі тиіс.
Қуаныш Түменбаев, қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
Төлемеген жағдайда құжаттардың барлығы сот орындаушыларға жолданады. Сот орындаушылары өз кезегінде берешегі бар азаматтардың банктік есепшоттары бұғатталайды. Шетелге шығуға шектеу қойылады. Автокөліктері мен мүліктерге шектеу қойылады.
Қуан Нұрақын