Маңғыстауда Құрық порты арқылы жыл басынан бері 440 мың тоннаға жуық жүк өңделген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көп. Геосаяси жағдайға байланысты жүк тасымалы бұдан былай да арта бермек. Оған қоса, жуырда порт - «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы құрамына қосылды. Бұл әлемнің озық логистикалық компанияларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Соған байланысты портта жаңа айлақтар салу жұмыстары басталып кетті.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Порттың жұмысы осы диспетчерлік орталықта басқарылады. Шет елден келген паромдар, онда тиелген жүктер туралы мәліметтер алдын-ала осы орталыққа жеткізіледі. Соған қарай қызметкерлер бос айлақты анықтап, келген жүкті қабылдау, тиеу жұмыстарын ұйымдастырады.
Паромдар Бакудан келеді. 35-40 мың тонналық жүк тиелген кемені қабылдаудың өзі үлкен жауапкершілік. Соны диспетчерлік орталықтың тәжірибелі маманы Айбек Өтесін атқарады. Ол 1 паромды өңдеу үшін, шамамен 10 сағат уақыт жұмсалатынын айтады.
Айбек Өтесін, оператор-радиотелеграфист:
Поромдар бізге жақындаған кезде 1 сағат бұрын ескертеді. Ауа райы жақсы болса біздер рұқсат береміз, кіргіземіз. Ауа райы қолайсыз болса, біздер оны рейдке тұрғызамыз. Каналға кіргеннен кейін біздер жағалау мотростарын жіберіп, жүкті тісіру, комиссияларымызды жіберіп жұмыстар ұйымдастырамыз.
Портта 4 айлақ бар. Оның екеуі темір жол арқылы келген жүктерді паромға тиеуге арналған. Енді екеуінде көліктер түсіріледі. Порттың қызметін дамытып, жүк тасымалын одан әрі арттыру үшін, тағы 1 айлақ салу жұмыстары басталды. Ол арқылы салмағы ауыр жүктер мен контейнерлер тасымалданбақ. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап Қазақстандық паромдар алу жоспарда.
Айтқали Нұрмағамбетов, «Құрық порты» маркетинг қызметінің басшысы:
Өзімізде паром болған кезде біздің маршруттарымыз ашылады. Жаңа маршруттар. Бұл енді Ресеймен ашылады. Махачкала деген портымен. Иранның порттарымен 2 порт Амирабат пен Анзалимен ашылады. Ол жерден келетін енді өндірістер келеді. Бидай келеді. Темір келеді, машиналар келеді.
Құрық порты арқылы мұнай, метал, бидай мен химиялық өнімдер Бакуге экспортталып жатыр. Кейбір тауарлар әрі қарай Қара теңізбен Еуропа елдеріне жеткізіледі. Ал, Италия, Түркия, Ресей, Украина мен Белоруссияның өнімдері еліміздің өзге де аймақтарына тасымалдануды.
Аягөз Оралбайқызы