Түркістан облысында көпқабатты үйде газ жарылды
Түркістан облысының Шәуілдір ауылында үш қабатты тұрғын үйде газ жарылып, бірнеше пәтерге зақым келді.
Оқыс оқиға кеше кешкісін болған. 12 пәтерлі қызметтік үйде тұрғындардың бірі табиғи газды қосқан кезде жарылыс болған. Салдарынан сол үйде тұратын 35 жастағы әйел ауыр зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына Төтенше жағдай қызметкерлері жетіп, өртті дер кезінде сөндірді. Басқа пәтерлерде тұрғындар болмаған. «QazaqGaz Aimaq» АҚ мәліметінше, қазір көпқабатты үйде көгілдір отын беру уақытша тоқтатылды. Ондағы желілер тексеріліп жатыр.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15