Шымкентте балаларға арналған заң бағытында танымдық мультфильм көрсетілді
Шымкентте полиция қызметкерлері «BalaZan – балалық шақтан заң жолымен» атты анимациялық фильмнің премьерасын өткізді. Көрсетілімге 500-ден астам бала қатысып, мультфильмді LED-экраннан тамашалады. Шара барысында тәртіп сақшылары өз қызметін таныстырды. Балалар арнайы көліктерді, техника мен қару-жарақты көріп, ұстап, суретке түсті. Сондай-ақ фотокөрме мен викторина ұйымдастырылып, криминалистер, кинологтар мен арнайы жасақтың жұмысы көрсетілді. Балалар үшін қуыршақ театры мен цирк әртістерінің қойылымдары ұсынылды. Анимациялық туынды балаларға заң мен әділдіктің маңызын түсіндіріп, адалдық пен тәртіпке баулиды дейді ұйымдастырушылар.
Ұлықбек Мылтықов, Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары:
Полиция қызметкерлері балаларға арналған арнайы тәрбиелік мультфильмді дайындады. Онда жол қозғалысы ережелері, достық, үлкендерді құрметтеу, сыйлау, тазалық пен тәртіпті сақтау туралы маңызды түсініктер жеңіл әрі қызықты түрде айтылады.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16