Сүт өндірісінде өрлеу бар
Шығыс Қазақстан облысында тауарлы-сүт фермалары көбейіп келеді. Сүтті бағыттағы мал басын арттырып, сүт индустриясын өркендету үшін өңірде арнайы бағдарлама қабылданған. Шаруаларға осы бағыттағы кәсібін дамытуға «Аграрлық несие корпорациясы» да үлкен қолдау беріп отыр. Шығыс Қазақстан облысында 70-ке жуық сүт фермасы бар. Солардың бірі Шемонайха ауданындағы «Рулиха» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мұндағы голштино-фриз тұқымды 600 сиыр Голландиядан әкелінген. Әрқайсысы орта есеппен күніне 30 литр сүт береді. Шаруашылық басшылары алдағы уақытта аграрлық несие корпорациясының қаржылай қолдауымен сиыр санын тағы көбейтіп, сүт зауыттарын мол шикізатпен қамтымақ.
Азамат Үсенов, «Рулиха» ЖШС директорының орынбасары:
Бүгінге сауылып тұрған сиырлар 365 бас. Күніне 10-12 тонна тапсырамыз. Жалпы саны 1000 бас. Бүгінге дейін тағы 265 бас қосылды. 2 ай бұрын алып келдік. Олар да төлдеп бастады.
Аграрлық несие корпорациясы бұл шаруашылықтың бірнеше жобасын қаржыландырған. 2017 жылы тазартылмаған күнбағыс майы зауытының құрылысына пайызы төмен несие берілген. Ал 2018 жылы тауарлы-сүт фермасына қажетті түрлі қондырғылар, жем-шөп дайындайтын аппараттар мен ірі қара алу үшін тағы қаржылай қолдау көрсетілген.
Алдияр Мұхитбеков, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиал директорының орынбасары:
Биыл Аграрлық несие корпорациясы ел бойынша «Агробизнес» бағдарламасы арқылы шаруаларды қолдауға 142 мрлд теңге қаржы қарастырған. Несие мақсатына қарай 12 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ал, максималды соммасы бір қарыз алушыға 5 млрд теңге, несие серіктестіктері үшін 10 млрд теңгені құрайды.
Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен Шығыстағы шаруалар жаңа жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға жасалған нақты қадамдар.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«SuperStar KZ»: Кастинг 4-26 сәуір аралығында өтеді
31.03.2026, 20:57
Жаңа модульді робот
31.03.2026, 20:55
Ұлттық құрамалар толық спорттық киіммен қамтылды
31.03.2026, 20:53
Шымкентте жыл басынан бері жол апатынан 6 адам қаза тапты
31.03.2026, 20:17
БҚО-да қоғамдық көлік мектеп автобусына соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті
31.03.2026, 20:16
2,5 мыңнан астам қазақстандық студент Таяу Шығыс елдерінде оқып жатыр
31.03.2026, 20:14
Судьялар Жамбылдың жырын оқып жарысты
31.03.2026, 20:12
WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтауға ниетті
31.03.2026, 20:12