Астаналықтар ауыз суға жарымай отыр. Қалада бірнеше аптадан бері су тәуліктің әр уақытында әртүрлі қысыммен бірілетін болған. «Астана Су Арнасы» кәсіпорны шаһарда су тапшылығы туындағанын мойындайды. Олар тіршілік көзін қысымын реттеуге мәжбүр болып отырмыз деді. Халық жаппай тұтынатын уақыттарда, яғни таңғы, түскі және кешкі уақытта су қысымы жоғары болады. Ал, қалған уақытта қысым төмендетіледі. Жауапты компания бұған елордада халық санының өсуі мен қаланың қарқынды дамуы себеп дейді. Тұтыншулардың көп болуынан тәулігіне 20 мың тонна су жетіспейді екен.
Талғат Бекмағанбетов, қалалық сорғы-сүзгі станциясының басшысы:
Жоба бойынша станцияның қуаттылығы тәулігіне 305 мың текше метр суды ғана тазартады. Біз қалаға 330 мың тонна су жіберіп отырмыз. Жобадан тыс суды беріп отырмыз. Тағы бір станция керек.
Асылбек Данияр