Наурыз мерекесі БҰҰ штаб-пәтерінде аталып өтті
Наурыз мерекесі БҰҰ штаб-пәтерінде аталып өтті. Бас Хатшы Антонио Гуттериш жер бетінде 300 миллион адам Наурыз мейрамын жаңа жылдың бастауы ретінде қабылдайтынын айтты. Бұл мереке мемлекеттердің мәдениетін ғана емес, адамзатқа ортақ құндылықтар – бейбітшілік, теңдік, құқық принцтерін насихаттайды. Алайда, бүгінде сол ортақ құндылықтар бұрын-соңды болмаған сынның алдында тұр, деді Бас хатшы. Салтанатты шарада БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин де баяндама жасады. Наурыз мерекесі 2009 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген. Ал, 2010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Наурыз мейрамын халықаралық күн ретінде жариялады.
Ақан Рахметуллин, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:
1926 жылдан бастап, 60 жылдан астам уақыт бұл мерекені тойлауға Қазақстанда тыйым салынды. Тек 1988 жылы ғана Наурыз қайта жанданып, рухани және қасиетті мәніне ие болды. Бүгін біз Наурыз мерекесін тойлай отырып, оның маңыздылығын бұрынғыдан да көбірек еске түсіреміз. Бұл жаңарудың, бірлік пен келісімнің маңыздылығын еске салады.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
PGL ASTANA 2026: Әлемнің үздік командалары елордада бас қосты
15.05.2026, 20:24
800 шебер екі шақырымдық құрақ көрпе жайды
15.05.2026, 20:19
Сәуле Досжанның кітабы оқырманға таныстырылды
15.05.2026, 20:16
Қаскелең өзені қоқыстан тазартылды
15.05.2026, 20:13
Конституциялық реформалар жүйелі іске асып жатыр
15.05.2026, 20:09
Көкшетауда «Отбасы аллеясы» ашылды
15.05.2026, 20:08
Астананың сәні мен сәулетін бақылайтын арнайы кеңес құрылуы мүмкін
15.05.2026, 20:08
«Worldskills Astana-2026» чемпионаты басталды
15.05.2026, 20:06