Саяси науқанды халықаралық байқаушылар жоғары бағалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси науқанды халықаралық байқаушылар жоғары бағалады

20.03.2023

Елімізде өткен саяси науқанды халықаралық байқаушылар жоғары бағалады. Кеше күні бойы дауыс беру барысын бақылаған олар баспасөз брифингтерін өткізіп, сайлаудың қалай өткенін қорытындылады. Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушылар миссиясы 32 сайлау учаскесін аралап, дауыс санау процесіне де қатысқан. Айтуларынша барлығы заң талаптарына сай өткен. Сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен ТМД байқаушылар миссиясының өкілдері де сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып отыр. Жалпы саяси науқанның ашық әрі әділ өтуін бақылау үшін 793 халықаралық байқаушы 41 елден келген. Олардың арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, ТМД, Түркі мемлекеттері, ТҮРКПА, Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері бар.

Александр Маркевич, ҰҚШҰ Байқаушылар миссиясының үйлестірушісі:

Бюллетеньдерді беру тәртібі, үгіт-насихат ақпаратын орналастыру, дауыс беру процесін ұйымдастыру, дауыстарды санау тәртібіне қатысты заң талаптарын бұзу деректері болмады. Сондықтан осы нәтижені халықаралық байқаушылар тобы қорытындысында бекеттік.

Мунтасер Абу Зейд, Халықаралық байқаушы, Палестинаның Қазақстандағы елшісі:

Сайлау өте жоғары деңгейде өтті. Біз көптеген сайлау учаскелерін араладық. Сонда адамдардың дауыс беруге ынтамен қуана барғанын көрдік. Жұрт науқанды нағыз мейрам сияқты қабылдағаны сезіліп тұрды. Әрі сайлау учаскелерінің біреуінде де полицейлерді көргеніміз жоқ. Бұл ұйымдастырудың жоғары деңгейде екенін және дауыс берудің бейбіт түрде өтекенін білдіреді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу