Халықаралық байқаушылар пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық байқаушылар пікірі

19.03.2023

Халықаралық байқаушылардың пікірінше, еліміздегі сайлау халықаралық нормалар мен стандарттарға сай өтіп жатыр. Заңбұзушылықтар тіркелмеген. Халық белсенді. Дауыс беру өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сайлаушылардың емін-еркін таңдау жасауы үшін барлық жағдай жасалған дейді шетелдік меймандар. Айта кетсек, сайлау процесін бақылау үшін әлемнің 41 елі мен 12 халықаралық ұйымнан 800-ге жуық байқаушы келген. Арасында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ислам ынтымақтастығы ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері бар. Сонымен бірге 16 елдің орталық сайлау комиссияларының төрағалары қатысып жатыр.

Мехмет Аккан Сувер, халықаралық байқаушы /Түркия/:

Астананың суығына қарамастан 10 учаскеге бардым. Халық көп. Елдің саяси өміріне араласып, дауыс бергісі келетін адамдардың көп болуы демократияның дамуын білдіреді. Сайлау жақсы ұйымдастырылған. Заманауи Қазақстанда жастардың сайлауға белсенді қатысуы мені қуантты. Алғаш рет дауыс беруген адамдарға сыйлық берілуі де ерекше жағдай.

Стефано Верноле, халықаралық байқаушы /Италия/:  

Бірнеше учаскеде болдым. Бәрі байыппен өтіп жатыр. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Мен бұған дейін бірқатар елде сайлауға дауыс беруді қадағаладым. Бір ерекшелік байқадым. Қазақстандықтар дауыс беруге мерекелік көңіл күймен қатысып жатыр. Біздің жұмысымызға да еш кедергілер болған жоқ.

Хабарламаларға жазылу