Бүгінгі сайлау ел тағдырын халық боп шешетін тарихи күнмен пара-пар. Саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасаған алматылық зиялы қауым осындай пікірде. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Смағұл Елубай сайлау учаскесінде дауыс берді. Айтуынша, жауапты сәтте тұтас ел бірігіп, ұйымшылдық танытуы тиіс. Себебі, бұл өзгерістер ел дамуына түбегейлі бетбұрыс жасайды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Нұрлан Оразалин да бұл саяси науқанды ел өміріндегі елеулі оқиғаға балап отыр. Сондықтан өзіміз үшін, еліміз үшін маңызды шараға қатысуға шақырамын деді ақын Нұрлан Оразалин.
Нұрлан Оразалин, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері:
Шын жүйріктерді ғана таңдай берсек, соларға баға бере алсақ, біз өзіміздің Жаңа Қазақстанның жаңа кезеңдегі алға қойып жатқан мақсаттарын, мұраттарын орындаймыз ба деп ойлаймын. Болашағымның мықты тегеурінді текті болу үшін, ұрпағым үшін әрбірден кейін бесікте жатқан балаларым үшін дауыс бердім.
Смағұл Елубай, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Осы сайлауға жұрттың ықыласы бөлек. Әсіресе, мынау үміткерлерді ұсыну тұсында соңғы бір айда құлшыныс, ынтымақтастық зор болды. Біздің дауысымыз ертең анау Мәжілісте, Парламентте естіледі ғой. Біз сайлаған адам сол жерде біздің дауысымызды шығарады.
Жазира Оразқызы