Ақмола облысында 728 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 728 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

19.03.2023

Көкшетау қаласында түнгі ауысымнан шыққан коммуналдық мекеме ұжымы түгелдей сайлау учаскілеріне барып, өз таңдауын жасады. «Жұмыс қауырт болса да, саяси науқанға қатысуды өзіміздің азаматтық борышымыз деп білеміз», - дейді олар. Осындай ұстанымы айқын жандардың бірі – Гүлбахрам Әниева. Ол түні бойы жұмыс істеп, қолы босай салғанда үйіне де бармай, бірден сайлау учаскесіне бет алған. Бүгін Ақмола облысында 728 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беруге құқығы бар адамдар сайлауға белсенді қатысып жатыр. 

Гүлбахрам Әниева, жұмысшы:

Жұмысымыздың көптігіне, уақыттың тығыздығына қарамастан өзіміздің азаматтық позициямызды көрсетіп, келіп отырмыз. Жарқын болашағымыз, Қазақстанымыз, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін осындай іс-шараға қатысудамыз.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу