Ұлытау облысында да сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Өңірде 140 000-нан астам сайлаушы тіркелген. 134 сайлау учаскесі бар. Оның 77-сі қалалық, 57-сі аудандарда орналасқан. Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беру барысында ешқандай тәртіп бұзу дерегі тіркелмеген. Электораттың шамамен 40 пайызы облыс орталығы Жезқазғанда тұрады. Сайлауға байланысты өңірде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін инватакси қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктер күні бойы жолаушыларды тегін тасымалдайды.
Динара Қапарова, Жезқазған қаласының тұрғыны:
Ұлытау облысы – жаңадан құрылып, енді ғана бой көтеріп келе жатқан облыс. Келешегіміз үшін өте үлкен үміт күтеміз. Әрбір кандидаттың сайлау бағдарламасымен танысып, бүгін солардың еліміз үшін еңбек атқаратынына сенім білдіріп, сайлауға келіп отырмын.
Руслан Нұрланұлы