Отандастарымыз да сайлауға белсенді қатысуда
Түркиядағы сайлау учаскелерінде де отандастарымыз дауыс беріп жатыр. Бұл жақта дауыс беру уақыт айырмашылығына байланысты шамамен бір сағат бұрын басталды.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Ыстамбұл қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығы ғимаратында орналасқан нөмірі 255-ші сайлау учаскесінде дауыс беруге құқығы бар 500-ге жуық қазақстандық тіркелген. Алдымен осында жұмыс істейтін дипломатиялық корпус өкілдері мен олардың отбасы мүшелері өз таңдауын жасады. Біраздан соң, Ыстамбұлда жұмыс істейтін азаматтар мен осында оқитын студенттер де келе бастайды. Сонымен қатар, Түркияға демалуға немесе іссапарға келген ел азаматтары да Ыстамбұл, Анкара және Анталия қалаларында орналасқан үш учаскенің біріне барып дауыс беруіне болады.
Ал енді қазақстандықтар ең көп тұратын елдің бірі Ресейдегі сайлау учаскелерде ахуал қандай?
Индира Бегайдар, тілші:
Ресейде бес сайлау учаскесі ашылған. Олар Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Қазан және Астрахань қалаларында орналасқан. Мәскеудегі нөмірі 265 сайлау учаскесі осыдан бір сағат бұрын ашылды. Қала бойынша барлығы 1 500-жуық қазақстандық консулдық тіркеуден өткен. Таңғы 07:00-ден бастап дауыс беруге келген адамның қарасы қалың. Азаматтарымыз ауа райының қолайсыздығына да қараған жоқ. Әсіресе жастар жағы белсенді. Бүгін алғаш рет дауыс беретін 18 жастағы отандастарымызға арнайы сыйлықтар да дайындалған. Сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сондықтан Ресейде уақытша тұрып жатқан, жұмыс бабымен келген азаматтарды өз конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге шақырамын!
Айдос Әшімұлы, Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті
05.07.2026, 20:03
ӘЧ-2026: Футбол матчтарына 5 млн-нан астам адам келген
05.07.2026, 19:48
Астанадағы Ұлттық музейде Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ тақтасы бар
05.07.2026, 19:44
Жол апаты неге азаймай тұр?
05.07.2026, 19:42
Алғаш рет әкімшілік істер бойынша жауапқа тартылған азаматтарға рақымшылық жасалады
05.07.2026, 19:40
Құрылтай сайлауына партиялар кандидаттар тізімін бекіте бастады
05.07.2026, 19:32
Қос палаталы Парламент: 3,5 мыңға жуық заң қабылданды
05.07.2026, 19:31
«Ақ жол» партиясы Құрылтай депутаттығына үміткерлердің тізімін жариялады
05.07.2026, 13:30