Қонаев қаласында сайлау науқаны қызу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қонаев қаласында сайлау науқаны қызу жүріп жатыр

19.03.2023

Алматы облысында да науқан қызған. Өңірде ашылған 629 сайлау учаскесі таңғы жетіден сайлаушыларды қабылдап жатыр. Науқан барысын тікелей қосылымға шыққалы тұрған тілшімі Нұрсұлтан Тілектес баяндауға дайын.

Нұрұсұлтан Тілектес, тілші:

Қонаевта саяси науқан ерекше форматта өтіп жатыр. Дауыс берушілерді түрлі өнер ұжымдары әнмен, бимен күтіп қарсы алуда. Айта кету керек бұл Қонаев қаласының атауы ауысып, облыс орталығы болғалы өтіп отырған үшінші саяси науқан. Шаһарда 34 учаске жұмыс істеп тұр. Біз қазір нөмірі 949-шы сайлау учаскесіндеміз. Мұнда белсенділік байқалады. Облыс бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 25 үміткер, әртүрлі деңгейдегі мәслихат депутаттығына 523 кандидат тіркелген. Ал, сайлаушылардың саны 966 297. Өңірде 629 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Нұрұсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу