Алматы облысында 966 297 адам дауыс беру құқығына ие - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 966 297 адам дауыс беру құқығына ие

19.03.2023

Алматы облысында 966 297 адам дауыс беру құқығына ие. Ресми мәліметке сүйенсек олардың жартысынан көбі таңдау жасаған. Әсіресе түске таман тұрғындардың белсенділігі арта түсті. Тіпті, Қонаев қаласындағы өнер ұжымдары мен белсенділер тобы ерекше шара ұйымдастырып, сайлау учаскелеріне келушілерге ерекше көңіл күй сыйлады.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Бұл жолғы сайлау науқаны Қонаев қаласында ерекше форматта өтіп жатыр. Қаладағы өнер ұжыимдары, белсенді тұрғындар сайлау учаскелеріне міне мындай ретро автомобильдермен келіп, ән мен жырдан шашу шашып, дауыс берушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап жатыр.

Ақ жаулықты әжелер мен домбыра ұстаған оқушылар, оларды бастаған «байкер» - Мұрат Сергебаев әр саяси науқан сайын раритет көліктерімен көше аралап, қала тұрғындарына ерекше атмосфера сыйлауды дәстүрге айналдырған.

Мұрат Сергебаев, қала тұрғыны:

Президент сайлағанда 10 машинамен шықтық. Тіпті Қазақстаннан кеткен немістер Германиядан келіп, бізбен бірге болды. Мынадай машиналарды көргенде көңіл күйлері көтеріледі.

Науқаннан аниматорлар да шет қалмады. Барыс кейпіне енген мына дауыс беруші көптің қызығушылығын оятып, саяси науқынды мерекеге айналдырды. Осының барлығы әсер етті ме, түс ауа тұрғындардың белсенділігі арта түсті.

Биылғы сайлауда жастардың да белсенділігі жоғары. Қарттар да шет қалар емес. Ғасыр жасаған Мұқсына Қалдыбаева кезекті рет өз таңдауын жасады. 104-дегі кейуана бүгінде 30 немере, 20 шөбере, бір шөпшек аяулы әжесі.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу