Сайлау-2021: Алматы қаласында дауыс беру қызу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау-2021: Алматы қаласында дауыс беру қызу жүріп жатыр

10.01.2021

Алматыдағы дауыс беру орындарында жұмыс қыза түсті. Тұрғындардың белсенділігі қандай? 

Нұрхан Нұрланұлы, тілші:
Қазір біз Медеу ауданындағы №377 сайлау учаскесінде тұрмыз. Мұнда 2326 электорат бар. Дауыс беру 7:00-де Мемлекеттік Әнұранмен жұмысты бастап кетті. Содан бері адам қарасы үзілген жоқ. Жалпы Алматыда 1 миллион 132 298 адам дауыс беруге құқылы екен. Олар үшін 581 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Барлық дауыс беру орындары саяси науқанға тас-түйін дайын отыр. Сондай ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасалған. Барынша кең, арнайы кабиналар бар. 

Мәжіліс бюллетені төртбұрышты тактильді болса, мәслихаттікі дөңгелек пішінде жасалған. Сонымен қатар, қала тұрғындары 21-10-01 нөміріне хабарласып, өзінің сайлау учаскесі туралы ақпарат алуына болады.

Хабарламаларға жазылу