Пхеньян баллистикалық зымыран сынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пхеньян баллистикалық зымыран сынады

13.04.2023

Жапония билігі бүгін Хоккайдо тұрғындарына шұғыл көшу туралы ескерту жасады. Бұған Солтүстік Кореяның зымыран сынауы түрткі болған. Баллистикалық ракета Жапония теңізіне барып құлаған. Бұл туралы Күншығыс елінің әскерилері мәлімдеді. Зымыран құлаған жер Жапонияның айрықша экономикалық аймағынан тысқары орналасқан. Бұдан екі күн бұрын Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын АҚШ пен Оңтүстік Корея арасында өткен әскери жаттығуларды сынап, бұл әрекетті шиеленістің өршуі деп атады. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу