Солтүстік Корея және Оңтүстік Корея бір мезетте баллистикалық зымыранды сынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея және Оңтүстік Корея бір мезетте баллистикалық зымыранды сынады

15.09.2021

Бүгін Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея араға бірнеше сағат салып баллистикалық зымыран сынады. Осылайша, Пхеньянды ядролық қарудан бас тарттыруға бағытталған келіссөздер онсызда тұралаған шақта қос мемлекет бір-біріне әскери айбынын көрсетіп отыр.

Кейбір сарапшылардың ойынша, Солтүстік Корея ракета сынауды жиілете отырып, Құрама Штаттарды санкцияларды алып тастауға көндіруге әрекет жасап жатыр. Ал, Оңтүстік Корея Солтүстікке қатысты позициясы тым жұмсақ деп сынға іліккесін бүгін зымыран ұшыруға мәжбүр болған.

Айта кетсек, екі Корея 1953 жылдан бері техникалық тұрғыдан әлі де соғысып жатқан мемлекеттер санатында. 

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу