Енді елімізде 5 қазан - Ұстаздар күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді елімізде 5 қазан - Ұстаздар күні

10.03.2023

Енді елімізде бесінші қазан - ұстаздар күні. Мұғалімдердің кәсіби мерекесі бүгін ресми түрде Үкімет қаулысымен бекітілді. Жалпы әлемнің 100-ден астам елінде мұғалімдер күні 5 қазанда тойланады. Биылдан бастап осы күнтізбеге Қазақстан ұстаздары да қосылып отыр. Қазіргі таңда еліміздегі балабақша, мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 560 мыңға жуық педагог бар. Мұғалімдер қауымы бұл жағымды жаңалықты ерекше қуанышпен қабылдады.

Нұргүл Досжанова, №144 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі:

Ұстаздық жолында 25 жылдың көлемінде қызмет атқарып келемін. Осы мұғалімдер күні бізде қазан айының әрбір бірінші жексенбісі тойланатын еді. Енді өзіміздің төл мерекемізді 5 қазан күні болып белгіленгеніне өте қуаныштымыз. 

Айжан Байтуқаева, №144 орта мектептің физика пәні мұғалімі:

Өзіміздің осындай кәсіби мерекеміз пайда болғанына өте қуаныштымыз. Бұл да бір ұстаздардың мәртебесін көтеру, яғни ұлықтау ұстаз ұлы тұлға екенін. Осындай 5 қазан күні мереке боп тойланатынына қуанышты болып жүрміз.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу