Бүгін - Ұстаздар күні (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Ұстаздар күні (БЕЙНЕБАЯН)

04.10.2015
Бүгін - Ұстаздар күні (БЕЙНЕБАЯН)

Қазанның алғашқы жексенбісі - Қазақстанда Мұғалімдер күні. Жылда аталып өтетін бұл мерекенің түп мәні - ұстазды ұлықтау. Бұл замандағы данышпанның да, патшаның да, ақынның да, батырдың да бір-бір ұстазы бары анық.

Негізі, біздің қазақ қоғамында мектеп, мұғалім, оқушы, оқулық, тәрбие секілді ұғымдарға қатысты мәнді де, мәнсіз де талқы көп. Дегенмен,   біз бүгін ұстаз жұмысының тек сәулелі сәттерін көрсетуді ұйғардық.

Елімізде 8 мың мектеп, 7 мың мектепке дейінгі мекеме, 600-ден аса қосымша білім беретін ұйым бар.

Былтырдан бері Қазақстанда «Ұстазыңа қоңырау шал, құттықта!» атты акция өтіп жатыр. Министрдің өзі көпке үлгі болып, ұстазына барып қайтқаны да есте.

Дегенмен, бұл бастама жаппай үрдіске айнала алмады. Негізі мақсат жақсы еді – қоғамда ептеп беделі шайқалған мұғалімдік кәсіптің мерейін асыру болатын. 

Хабарламаларға жазылу