Алматыда Ұстаздар күні атап өтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Ұстаздар күні атап өтіледі

30.09.2014
Алматыда Ұстаздар күні атап өтіледі

1 қазан күні Алматыда Ұстаздар күнін атап өту шаралары өтеді. Ұстаздарды кәсіби мерекесімен қала әкімі Ахметжан Есімов құттықтайды. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Мерекеге оқулық авторлары, авторлық бағдарламалардың негізін салушылар, «Жыл мұғалімі» конкурсының жеңімпаздары, білім ардагерлері мен болашағынан үміт күттіретін жас ұстаздар шақырылған. Салтанатты шара дөңгелек үстел форматында өтпек.

Үздік мұғалімдерге қала әкімі құрмет грамоталары мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің марапатын ұсынады.

Хабарламаларға жазылу