Бүгін - Ұстаздар күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Ұстаздар күні

07.10.2018

Бұл мереке жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде тойланады. Биыл ұстаздар мерекесіне ең тамаша сый- тартуды Елбасы жасады. Кешегі Жолдауда келер жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы заң қабылданатыны айтылды. Расында, біздің қоғамда «Мәртебең қалай, мұғалім?»  деген мәселенің шешімін табуы әбден пісіп жетілген болатын. Кешегі ешкім алдынан кесіп өтпейтін мәртебелі мұғалім, соңғы жылдары біздің қоғамда қолбалаға айналды. Жиындардың бос залын толтыратын да мұғалім, түрлі кездесулерге тізіммен баратын да мұғалім, ең сорақысы газет-журналдарға зорлықпен жазылатын да осы мұғалімдер болып келді соңғы уақытқа дейін.

Сірә, білім саласының билігін ұстағандар «Ұстаздық -өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау» деген қағиданы қате түсінетін секілді.  Ал, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов не дейді: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі». Оны азсынсаңыз, «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан»,-  дейді дана Абай. Білім жүйесінің жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Қазір қолға алғаш қалам ұстатқан ұстаздар жайлы бейнебаян тамашалаңыз.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу