Мектеп директоры Шәкәрім Сейсенбайдың «Апта» бағдарламасына берген сұхбаты

04.10.2020

Бүгін - қазан айының бірінші жексенбісі ұстаздар күні. Дәстүрлі сюжет жасамадық, орнына Нұр-Сұлтандағы 54 мектеп-лицейдің директоры Шәкәрім Сейсенбайдан интервью алдық. 29 жастағы Шәкәрім екі магистратура аяқтаған, екіншісін Назарбаев университетінде. Ал жұмыс істеуді Таразда алғашқы жоғары білім алып жүргенінде бастаған: тәрбиеші, мұғалім болған. Жоғары оқу орнын биология бағытында аяқтаған. Еліміздегі айтулы мектептерде жұмыс істеген - Назарбаев зияткерлік мектебі, Республикалық физика-математика мектебі, «Білім-Инновация» лицейінде.  

Кейін мынадай ой туды дейді: Аты аталған мектептерде барлық жағдай жасалған. Көп мәселе жалпыға ортақ білім беретін мектептерде кездеседі. Неге осы жинаған тәжірибемді кәдімгі мектептермен бөліспеске, сол мектептердің оқыту форматын өзгертуге тырыспасқа? Шәкәрім Сейсенбаймен сұхбат.


ұстаздар күні

Хабарламаларға жазылу