Қостанайда көшпелі семинар кеңес өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда көшпелі семинар кеңес өтті

07.03.2023

Бұл сайлау – бұрынғыдан өзгерек. Оны өзгеше етіп тұрған біріншіден бұрынғыдай партиялық тізіммен емес, жеке кандидаттардың да додаға түсуі. Олардың Парламенттегі мандат үлесі 30 пайыз, облыстық мәслихтатарда 50, ал аудандық мәслихаттарда 100 пайыз болады. Екіншіден Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы бірге өткізілгелі отыр. Сондықтан дауыс беруге келген сайлаушыға бес бюллетень беріледі. Қостанайда Орталық сайлау комиссиясының өкілдері семинар кеңес өткізіп, саяси науқанның осындай ерекшеліктері жайлы әңгімеледі. Жерігілікті сайлау комиссиялары төрағаларын жинап алдағы жұмысты пысықтады. Облыста барлығы 800-ден астам кандидат додаға түседі. Соның ішінде 10 адам Мәжіліс депутаттығына кандидат боп тіркелген. Биыл заңнамаға сайлаушының көңілінен шықпаған депуттатың мандатын қайтару туралы бап енгізіліпті.

Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

Депутаттығының бірінші және соңғы жылдары бұл бап қолданылмайды. Негізінен депутаттың жауапкершілігін арттыру үшін қабылданған заң. Яғни сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей өз уәдесін орындамаса, орнын босатуы тиіс. Мұның бәрі сайлаушылардың кері дауыс беруі арқылы шешіледі.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу