Президент сайлауы: Көшпелі семинар-кеңес өткізілді
«Сайлау – дауыс беру құқына ие барлық азаматтың өз таңдауын жасауына барынша қолайлы жағдай туғызу». Бұл туралы Қостанайда өткен көшпелі семинар – кеңесте айтылды.Жиынға аумақтық комиссия төрағалары мен саяси науқанды жүзеге асыруға қатысатын басқа да құзырлы мекеме өкілдері қатысты. Қазір өңірде сайлаушыларды тізім бойынша тексеріп тіркеу және қайта тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінге дейін қайта тіркеу үшін тұрғылықты жерін уақытша ауыстырған 5 мыңнан аса азаматтан өтініш түскен. Облыстағы дауыс беру құқына ие азаматтардың саны 500 мыңнан асады.
Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Орталық сайлау комиссиясының басты ұстанымы – ешқандай әкімшілік нұсқаумен жұмыс істеуге жол бермеу. Біз тек әрбір азаматтың таңдау құқын пайдалануына барынша жағдай жасауымыз керек. Әрбір сайлаушы өзінің қай учаскеде тіркелгенін, қай уақытта, қай жерде дауыс беруіне болатынын анық білуі тиіс. Ал сайлауға қатысу қатыспау әр азаматтың өз еркіндегі нәрсе.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06