Қарағандыдағы 642 сайлау учаскесінің дайындығы пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы 642 сайлау учаскесінің дайындығы пысықталды

16.11.2022

Қарағанды облысындағы 642 сайлау учаскесінің дайындығы тас-түйін. Бүгін кеншілер қаласында Орталық сайлау комиссиясының көшпелі семинар-кеңесі өтті. Жиында учаскелердегі комиссия мүшелеріне, байқаушыларға, сенімді өкілдерге, журналситерге сайлау күнгі заң аясында жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді.

Облыс бойынша дауыс беру құқығына ие 768 мың адам тіркелген. Өз таңдауын жасауға келген азаматтарға жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін сайлау учаскелерінің дайындығы пысықталды. Сондай-ақ семинар барысында парктикалық дәрістер де болды. Айта кету керек, бұл осыған дейін өзге аймақтарда өткізіліп келген соңғы көшпелі семинар-кеңесі.

Қайрат Нұркенов, Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

Қарағанды облысында бүгінгі таңда 642 сайлау учаскелері тіркелген. Оларда 4800 адам сайлау учаскелері комиссияларының құрамына кіреді. Біріншіден, сайлау комиссиясының мүшелері, байқаушылар, штаб өкілдері бәрі тыныш, заңды түрде жұмыс істеуі үшін осындай семинарлар өткізілуде.

Хабарламаларға жазылу