Қостанайда семинар-тренинг өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда семинар-тренинг өтті

11.10.2019

«Конструктивті диалог – қазақстандық қоғамның эволюциялық дамуының негізі». Қостанайда осындай тақырыпта семинар тренинг өтті. Масқат – елдің саяси кеңістігіндегі өзгерістерді қоғамға жеткізу. Рухани, әлеуметтік дамуға арналған стратегиялық құжаттардың мән-маңызын бағамдап, оны жүзеге асыру жолдарын талқылау. Қазір халық пен биліктің арасындағы байланысты бекемдеу процесі жүріп жатыр. Яғни ел ертеңі үшін маңызды шешімдер қалың бұқараның пікірімен санаса отырып қабылдануы тиіс. 

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

 Осы біздің еліміздегі қоғамдық саяси процестерді либеризация жасау мәселесі, сосын әлеуметтік даму. Өйткені біздің елімізде көптеген әлеуметтік мәселелер қордаланып қалған. Міне, осы қордаланған мәселені қалай шешеу керек? Осы халықты толғандырады.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу