Түркістан облысында шаруалар субсидия қаржысын тойға жұмсаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында шаруалар субсидия қаржысын тойға жұмсаған

03.03.2023

Түркістан облысында шаруалар ауылшаруашылығын дамытуға, асыл тұқымды мал басын көбейтуге берілген субсидияны мақсатсыз пайдаланған. Кейбірі банктегі несиесін төлесе, енді бірі той өткізуге жаратқан. Мұндай заңбұзушылықты соңғы үш жыл көлемінде субсидияның жұмсалу барысын тексерген облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері анықтады. Былтыр осындай 15 дерек тіркелсе, жыл басынан бері тағы 3 қылмыстық іс қозғалған. Яғни, мал шаруашылығын дамытамын деген пысықайлар ірі қараны көбейтуге арналған жалған жобалар жасаған. Олар «Сыбаға» бағдарламасы аясында құжаттарын реттеп, асыл тұқымды малы болмаса да, мемлекеттен қолдау қаржы алған. Субсидияны заңсыз иеленгендердің дені Жетісай мен Мақтаарал, Сарыағаш пен Келес ауданданында тұрады. Олар енді субсидияға бөлінген ақшаны мемлекетке қайтарады.

Гүлзия Қарсыбай,  облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі:

Мемлекетке келтірілген шығын 1 млрд теңгеден астам шығын көзделген және тиісінше қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотқа жіберілген. Мемлекет қаражатын ірі көлемде жымқырған жағдайда 3 жылдан 5 жылға дейін немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру ауапкершілігі көзделген. 


Хабарламаларға жазылу