Маңғыстауда браконьерлерден 150 келіден астам бекіре тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда браконьерлерден 150 келіден астам бекіре тәркіленді

03.03.2023

Маңғыстауда браконьерлерден 150 келіден астам бекіре тәркіленді. Полицейлер түнгі сағат 1:00 шамасында «Ақтау- Форт-Шевченко» бағытындағы жолда жеңіл автокөлікті тоқтатпақ болған. Бірақ жүргізуші талапқа бағынбай қашып, күдік туғызыпты. Көп ұзамай қолға түскен күдіктінің көлігінен 57 дана бекіре балығы тәркіленді. Мемлекетке 78 млн теңгедей шығын келтірілді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, 35 және 39 жастағы 2 тұрғын қамауға алынды.

 Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу