Маңғыстауда 3 тоннаға жуық бекіре балығы сақталған қойма табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 3 тоннаға жуық бекіре балығы сақталған қойма табылды

28.04.2021

Маңғыстауда бекіре балығын саудалаумен айналысатын браконьерлердің жолы кесілді.

Кеше Форт-Шевченко қаласындағы жекеменшік үйлердің бірінен 3 тоннаға жуық бекіре балығы тәркіленді. Браконьерлер оны 7 тоңазытқышта сақтап қойған. Күдікті ретінде үй иесі тергеліп жатыр. Осы іске қатысы барлар анықталуда.Қылмыстық іс бойынша кінәсі анықталса, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу көзделген. Мемлекетке 800 млн теңгеге жуық шығын келтірілді.

Аягөз Оралбайқызы


маңғыстау бекіре балығы броконьер форт шевченко

Хабарламаларға жазылу