Жайықтан салмағы 150 келі тартатын алып балық ауланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайықтан салмағы 150 келі тартатын алып балық ауланды

30.03.2021

Атыраудағы Жайық өзенінен салмағы 150 келі тартатын алып балық ауланды. 

Бекіре тұқымдасына жататын аналық қорытпаның ұзындығы 2 метр 40 см. Бағалы балық, «Амангелді» кооперативінің құрған ауына түскен. Мемлекеттік тапсырыспен бекіре шабағын өсіретін зауытқа тапсырылды. Қазір арнайы тоғанға жіберілді. Енді мамандар қорытпадағы уылдырықты алып, шабақ шығармақ. Жергілікті балықшылар мұндай олжаға былтыр да кенелген. Ол кездегі алып балықтың да салмағы 150 келіден асқан болатын.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу