Мемлекеттік мекемелер жұртшылықпен ашық байланыс орнатуы қажет. Бұл ретте баспасөз хатшыларының жұмысы маңызды. Елордада ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйытқы болуымен осы сала қызметкерлеріне арналған семинар өтіп жатыр. Жиында әлеуметтік желілер арқылы қоғаммен байланыс орнату, кризистік коммуникация сынды өзекті тақырыптар қозғалды. Кәсіби мамандар түрлі бағыт бойынша дәріс беруде. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мемлекеттік қызметшілердің журналистерге жауап беру мерзімі қысқаратынын да айтты. Бұл ақпараттық ашықтықты арттырып, жауапкершілікті күшейте түспек.
Дархан Қыдырәлі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Қазір заң жобасы бойынша енді журналистерге жауап беру мерзімі қысқарады. Бұрынғыдай 7 күн емес 5 күнге, тіпті 3 күнге дейін қысқаруы мүмкін. Сонымен қатар сапалы жауап беру қажет. Әрине кейбір сауалдарды басқа салалармен ақылдасу керек.
Данияр Асқарұлы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің жетекшісі:
Бүгінгі семинарда айтылып өтті баспасөз қызметі стратегиялық агенттікке қарай бой түзеуіміз керек. Бұл тұрғыда біздің шетелден алатын тәжірибеміз де өте көп. Өйткені біздің осы Астана қаласында МедиаЛаб құрылғанын, осы жоба аясында да біз тәжірибемен көптеп алатын тұсымыз бар.