Ю.Ильин: Тікұшақтың техникалық ақауы болмаған
Батыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың техникалық ақауы болмаған. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осылай деді. Бұл алғашқы болжам екенін айтты. Енді апаттың нақты неден болғанын тек тергеу жұмыстары анықтап беруі тиіс. Талапқа сай ол жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Еске салайық тікұшақ апаты 23-ші ақпанда болған еді. «Қазавиақұтқарудың» Ми-8 тікұшағы құлап, экипаждың төрт мүшесі қаза тапты. Тағы екі адам жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын.
Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Қазір комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. Сондықтан олар тікұшақ апаты мен қызметкерлеріміздің өліміне қатысты өз шешімін шығармайынша, мен түсініктеме бере алмаймын. Әлбетте, біз де осы апатқа қатысты ішкі қызметтік тергеу жүргізіп жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30