«Алматы-Қорғас» тас жолында жүк көліктері апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алматы-Қорғас» тас жолында жүк көліктері апатқа ұшырады

27.02.2023

«Алматы-Қорғас» тас жолында бірнеше жүк көлігі соғылып, қозғалыс шектелді. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, халықаралық маңызы бар автодәлізде жүк көлігінің тіркемесі ағытылып кетіп, жол жиегінде тұрған басқа жүк көлігіне соғылған. Электрокарлар тиелген көлік екпінмен алдында тұрған тағы бір жүк көлігін соққан. Ал тіркемесі ағытылған көлік аударылып, жолды көлденеңінен жауып қалды. Адамдар аман. Тәртіп сақшылары іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті. Қазіргі уақытта жолдағы қозғалысты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу