Ақылы жолға 15 мың теңге төлеген жүргізуші наразылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақылы жолға 15 мың теңге төлеген жүргізуші наразылық білдірді

08.07.2021

Ақылы жолға 15 мың теңге төлеген көлік жүргізушісі наразылық білдірді. Ол «Алматы-Жаркент» жолымен ары-бері өтуге осынша ақша бердім, бұл негізсіз деп шағымданған.

Мәселеге қатысты «ҚазАвтоЖол» компаниясының өкілдері жауап берді. Олар бұл жүргізуші «Алматы-Қорғас» бағытында 295 шақырым жолды жүріп өткенін айтты.  Ал, бұл бірінші санаттағы сапалы жол болғандықтан, салмағы 15 тоннадан асатын жүк көлітері бір бағытқа 7350 теңге төлеуі тиіс. Осындай баға 2018 жылы бекітілген. Қазір барлық жүк көліктері осынша қаржы төлеп жүргенін айтты.

Айдана Айдынқызы, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ақылы автомобиль жолдары дирекциясының баспасөз хатшысы:
Алматы-Қорғас бағытында автокөліктердің жүк көтергіштігіне байланысты, яғни ол жеңіл көліктерге 1 мен 5 теңге арасында.  Ең ауыр салмағы 15 тоннадан жоғарғылар. Олар бір шақырымына 25 теңгеге дейін төлейді. Осы 14 мың 700-ді 295 шақырымға бөлсек, 24,9 теңгеден шығады.


Хабарламаларға жазылу