Испанияда жол апатында бір піл қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда жол апатында бір піл қаза тапты

03.04.2018

Испанияның оңтүстік-шығысында цирк пілдерін апара жатқан жүк көлігі апатқа ұшырады. Соның салдарынан бес жануардың біреуі қаза тауып, тағы екеуіне мал дәрігерлері мен эвакуатордың көмегі қажет болған.

Оқиға Альбасете қаласына жақын жерде А-30 тас жолында орын алды. Мурсияға қарай бет алған автомобиль жеңіл көліктен озам дегенде, жүргізушісі рөлге ие бола алмай, машина аударылған. Ал, апат орнына құтқарушылар жеткенше, пілдер жол бойымен емін-еркін серуендеп, кептелістерде тұрып қалған адамдар оларды әбден қорқытты.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу