Түркияда тағы жер сілкінді
Түркияның Хатай провинциясында тағы жер сілкінісі болды. Қуаты 5 баллдық дүмпу ошағы 9 шақырымнан аса тереңдікте тіркелген. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұл зілзаладан зардап шеккендер жоқ. Түркияда ақпанның 6-да болған қуатты жер сілкінісінің салдарымен күрес жалғасып жатыр. Ақпанның 20-да Сириямен шекарада қуаты 6,4 балдық тағы бір дүмпу болған еді. Соңғы мәліметтерге сай, Түркиядағы жойқын апаттан қаза тапқандар саны 43 мыңнан асқан. Апатты аймақтардан 448 мың адам көшірілді. Зілзала кезінде құлаған үйлерді салуда құрылыс ережелері сақталмағаны анықталды. 564 адам бұл іске қатысты күдікке алынып, олардың 160-сы ұсталды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19