5G желісін жедел енгізу жұмысы жүріп жатыр - Қазақтелеком - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5G желісін жедел енгізу жұмысы жүріп жатыр - Қазақтелеком

23.02.2023

Мемлекет басшысы «Қазақтелекомның» басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады. Кездесу барысында былтырғы жылы қол жеткізген негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері мен жүзеге асыруға жоспарлаған перспективті жобалары туралы мәлімет берілді.

Қуанышбек Есекеев «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы:

Біз 5G желісін жедел енгізуді жұмысын бастадық. Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларында осындай 486 станция пайдалануға беріледі. Алдағы 4 жыл аралығында жыл сайын мың жарым базалық станция салынады. «Әзербайжан – Қазақстан» бағыты бойынша Каспий теңізінің табаны арқылы тартылатын талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысына қатысты жұмыстар жайлы президентке баяндалды.


Хабарламаларға жазылу