Министр Қазақстанда 5G желісінің қашан толық іске қосылатынын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр Қазақстанда 5G желісінің қашан толық іске қосылатынын айтты

28.10.2019
Министр Қазақстанда 5G желісінің қашан толық іске қосылатынын айтты

Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Hub» аумағында 5G желісін коммерциялық негізде іске қосу жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

«Қазақстанда жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Президенттің тапсырмасына сәйкес, министрлік Қазақстанда 5G желісін енгізу бойынша жұмыстар атқаруда. Осы орайда Жол картасы бекітілді. Қазіргі кезде 5G жаңа мобильді байланыс технологиясын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 5G мобильді байланысының тесттік сынағы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өткізілді. Сынақтар жақсы нәтиже көрсетті. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana Hub» аумағында 5G желісін коммерциялық негізде іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Ол 2020 жылы толықтай іске қосылады. Осылайша 2021 жылдың аяғына дейін Назарбаев университеті мен ЭКСПО маңында, ал 2022 жылы әуежай пен вокзалда, сауда орындары мен алаңдарда 5G технологиясын енгізу жоспарлануда. Одан әрі 2023 жылдан бастап барлық облыс орталықтарында енгізу жұмыстары жүргізіледі», - деді А. Жұмағалиев Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу