Қазақстанда 5G желісі сынақтан өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 5G желісі сынақтан өтеді

07.09.2021

Қазақстанда 5G желісі сынақтан өтеді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласында 5G стандартындағы ұялы байланыс тестілеуден өткізіледі. КСМ Ешқандай оператордың эксклюзивті құқығы болмайды. Тек «Қазақтелеком» мен тағы бірқатар ұялы байланыс операторына пайдалану уақытша беріледі. 5G желісін коммерциялық мақсатта қашан пайдалануға болатыны әзірге белгісіз. Заң жобасы қазір Сенатының қарауында. Мәселе заң жүзінде реттелген соң ғана аукцион арқылы жеңген оператор 5G стандартын коммерциялық қолданысқа енгізе алады.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу