Қазақстанда 5G интернет желісін енгізу бойынша жұмыстар басталып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 5G интернет желісін енгізу бойынша жұмыстар басталып кетті

19.07.2019

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында пилоттық жоба іске асырылуда. Ал 5G желісі Қазақстанда қашан жаппай таралатындығы әзірге белгісіз.

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрлігінің мәліметінше, жоғары жылдамдықтағы интернетті енгізу үшін ең әуелі соңғы үлгідегі құрылғылар қажет. Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстан бесінші буын желісін іске қосып жатқан 10 елдің қатарына кіреді. Бұл істі АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония сынды мемлекеттер сәтті жүзеге асыруда. Біздің елде мемлекеттік қызмет түрлері жаппай электрондық форматқа ауысып жатқаны мәлім, осы ретте шалғайдағы ауылдарға дейін ғаламтор желісін жеткізу жұмыстары жалғасуда.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу