Түркияда 300 мың адам бала асырап алуға өтініш берді
Түркияда жер сілкінісінен кейін жетімдер саны өсті. Нақты саны әзірге белгісіз. Бірақ ата-анасыз қалған балаларды асырап алуға өтініш бергендер саны 300 мыңға жуықтап қалды. Бұны осы елдің «Хабертүрік» басылымы хабарлап отыр. Оның дерегінше, бұрын мұндай арыз күніне үш адамнан ғана түсетін. Қазір олардың саны он есеге таяу өскен.
Түркия мен Сирияда жойқын зілзала ақпанның 6-да болып, 47 мыңнан астам адам қаза тауып, талай бала ата-анасынан айрылды. Және де жер сілкіністері дүйсенбіде тағы қайталанып, одан да екі елде бірнеше тұрғын мерт болған.
Тағы бір айта кететін жайт, Түркияда үйлердің құлауына байланысты 564 күдікті тұтқындалғаны белгілі болып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инфляция төмендеп келеді
08.10.2026, 13:17
Ақтөбеде шыны ыдыс өндіретін зауыт салынады
08.10.2026, 13:15
Түркістан облысында 41 әлеуметтік нысан салынуда
08.10.2026, 13:12
Петропавлдағы аурухананың құрылысы қайта жанданды
08.10.2026, 13:10
Ресейдегі өкпе обасы әлемді алаңдатып отыр
08.10.2026, 13:07
Абай облысында ағашты заңсыз кескендер ұсталды
08.10.2026, 13:02
Президент Түрікменстанда өтетін VIII Консультативтік кездесуге қатысады
08.10.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады»
08.10.2026, 10:18