Петропавлдағы аурухананың құрылысы қайта жанданды
Петропавл қаласында көп жылдан бері тоқтап
тұрған аурухананың құрылысы қайта жанданды.
Емдеу мекемесінің іргетасы 2019-шы
жылы қаланған болатын. Алайда жұмыс тоқтап қалған еді. Әкімдік өкілдерінің
айтуынша оған құрылыс материалдарының күрт қымбаттауы себеп болған. Биыл тиісті
қаражат бөлінді. Нысанның жалпы аумағы 92 мың шаршы метр. 480 орынға арналған
медициналық мекеме құрылысы келер жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Жобаның
жалпы құны 160 млрд теңге. Жаңа нысанда көпбейінді аурухана, кардиологиялық,
онкологиялық және перинаталдық орталық, санитарлық авиация бірыңғай медициналық
кластер құрамына біріктіріледі. Заманауи құрал-жабдықтар сатып алынады. Жаңа
аурухананың ашылуы – облыстың медицина саласының дамуына айтарлықтай серпін
береді, дейді мамандар. Жаңа технологиялар жоғары дәлдіктегі диагностика
жүргізіп, күрделі операцияларды заманауи талаптарға сай орындауға мүмкіндік
береді. Аталған жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында түркиялық
компанияның қатысуымен жүзеге асырылуда.
Жергілікті дәрігерлерді шетелдік клиникаларда, оның ішінде Түркияда оқытып,
тәжірибеден өткізу қарастырылған.
Нұрлан Айманов, облыстық көпбейінді аурухананың бас директоры:
Оборудование жағынан, маршрут жағынан осы жерде стандатқа сәйкес келеді,
современный, международный стандартқа. Ол бір, екінші құрал-жабдықтар,
медициналық техника айтып жатырмыз, күшейеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы