Оралда борышкерлерге су беру тоқтатылады
Оралда борышкерлерге су беру тоқтатылады. Бұдан былай коммуналдық қызмет ақысын төлемегендер судан ажыратылады. Өйткені тұтынушылардың қарызы 170 млн теңгеден асқан.
Тұрғындардың ішінде судың ақысын бірнеше жылдан бері төлемегендер де бар. Соның кесірінен «Батыс Су Арнасы» коммуналдық мекемесі техника мен басқа да жабдықтарды жаңарта алмай отыр. Көпқабатты үйлерде су көзі оңай ажыратылады. Ал жеке пәтердің суын кәріз жүйесі арқылы тоқтату үшін арнайы құрылғы сатып алынбақ.
Юлия Себелева, «Батыс Су Арнасы» коммуналдық қызмет мекемесінің заңгері:
Борышкерлермен осы күнге дейін келісуге тырыстық. Бірнеше рет ескерту бердік. Рейд жүргіздік. Бірақ нәтиже жоқ. Сондықтан барынша қатаң шаралар қолдану керек деп шештік. Бүгінде несие беру орталықтарымен де келісімшарт жасастық. Енді тұрғындардың өтелмеген коммуналдық берешегі болса, несие алуға кедергілер туындайды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туристер туроператор таңдағанда, нені ескеруі қажет?
14.05.2026, 10:22
Донор болуға келісім беретіндер жыл сайын артып келеді
14.05.2026, 10:21
Круиздік лайнерде норовирус табылды
14.05.2026, 10:20
Трамп пен Си Цзиньпин арасында келіссөздер басталды
14.05.2026, 10:19
Балаларға арналған интернеттегі қауіпсіздік жадынамасы жарияланды
14.05.2026, 10:17
Мектептерде цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект пәндері енгізіледі
14.05.2026, 10:16
Қазақстан интернет жылдамдығы жағынан ТМД елдері арасында үздік үштікке кірді
14.05.2026, 10:13
Сенат отырысында бірқатар құжат мақұлданды
14.05.2026, 10:12