Атырауда мектептің шатыры тесіліп, балалар бір апатадан бері онлайн оқуға мәжбүр. Нысан соңғы рет 7 жыл бұрын ғана жөнделген. Бірақ ата-аналар құрылыстың сапасыз жүргізілгенін айтады. Өйткені жауын-шашын күндері ғимараттың төбесінен су сорғалауы үйреншікті көрініске айналған. Қазір мектептің ішкі төбе жабындысы қақырап, түсіп қалған.
Екатерина Унашева, ата-ана:
Жағдай күрделі. 10 жылдан бері осы мәселе. Балалардың басына бірдеңе құласа, не тоққа түссе кім жауап береді? Ұл-қызымның қауіпсіздігі маңызды. Мәселемізді тез арада шешіп беруді талап етеміз.
Балаларды өзге мектептерге орналастыруға мүмкіндік жоқ. Өйткені шағын аудандағы білім мекемелерінің бәрі үш ауысымды. Қазір күрделі жөндеу үшін сараптама қорытындысы керек. Әзірге құрылыс жұмыстарының қашан басталатыны белгісіз.
Аманбай Хұсынов, қалалық Білім бөлімінің басшысы:
Қазір онлайннан басқа нұсқа жоқ. Ол бірден жасалатын жұмыс емес. Ешкімнің кінәсі жоқ. Ол жобасы сондай мектеп. Сондықтан күрделі жөндеуге үлкен қаражатты да талап етеді.
Жандос Темірғали